Қалада "Qazaq qaz aimaq" АҚ газ тарату желілерін жаңғыртуда
Инвестициялық бағдарлама аясында өңірдегі газ құбырлары жаңартылып, газ тарату жүйелерінің техникалық жағдайын жақсартуға басымдық берілген. Бүгін табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Qazaq qaz aimaq" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының нысандарын аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Биыл облыстағы газ тарату желілерін жаңғыртуға 2,3 миллиард теңге қарастырылған. Мамандар жоба аясында жалпы ұзындығы 119 шақырым болатын желілерді жаңарту жоспарланды дейді. Жұмыстар Ақтөбе қаласында, Алға ауданының Бестамақ кентінде, Хромтау ауданының Бөгетсай ауылында және Шалқар қаласында жүргізіледі. Бұдан бөлек, газ шаруашылығы нысандарын техникалық қайта жарақтандыруға 1,6 миллиард теңге бөлінген. Қазір Ақтөбе облысындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 5 мың 862 шақырымды құрайды. 256 мыңнан аса тұтынушы газбен қамтылған. Оның ішінде 247 мың 940-ы халық, 7 мың 420-сы коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, 822-сі өнеркәсіптік кәсіпорындар. Облысты газдандыру деңгейі 96 пайызға жеткен. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде шығындар деңгейі 2 пайыздан 1 пайызға дейін төмендеген.Количество показов: 15
Дата создания: 22.10.2026 09:09:42



















