Қалада педагогтердің тамыз конференциясы өтті
Шара қала әкімі мен білім саласы өкілдерінің қатысуымен Шығармашылық академиясында ұйымдастырылды.Биылғы жиынның басты тақырыбы - білім берудегі жаңа әдістерді енгізу, тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру және инновацияларды тәжірибеге енгізу.Конференция барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Оның ішінде «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі білімді цифрландыру, қосымша білім берудің кәсіби бағдарлау миссиясы, шығармашылық тәрбие мен буллингтің алдын алу шаралары бар.Сонымен қатар, инновациялық көрме ұйымдастырылып, STEM-технологиялар мен жасанды интеллектіні білім саласына енгізу тәжірибелері таныстырылды. Педагогтер мұғалімдердің рутинді жұмыстарын автоматтандыру, бейімделген оқыту және оқу жетістіктерін интеллектуалды бақылау бағыттарында ұсыныстарын ортаға салды.Ақтөбедегі дәстүрлі тамыз конференциясы — ұстаздардың тәжірибе алмасып, жаңа идеяларды талқылайтын және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.Количество показов: 31
Дата создания: 26.08.2025 08:15:59