Қалада паллиативтік көмекке мұқтаж шамамен 115 адам тұрады
Паллиативтік көмек адамның өмір сүру сапасын жақсартып, ауру белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Мамандардың мәліметінше қалада мұндай көмекке мұқтаж 115-ке жуық адам бар. Олардың басым бөлігі егде жастағы тұрғындар. Дегенмен, бұл көмекті қажет ететіндердің арасында 40-45 жастағы азаматтар да кездеседі. Науқастардың дені онкологиялық ауруға шалдыққан. Науқастар мүгедектік мәртебесін жылда рәсімдеп отырады. Алайда мамандар паллиативтік көмек көрсету саласында бірқатар мәселелер бар екенін айтады. Соның бірі медициналық жоғары оқу орындарында осы бағыт бойынша жеке мамандықтың болмауы. Қазір Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы осы бағыттағы жұмыстарды қолға алған. Атап айтқанда, саланың жаңа стандартын әзірлеу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр. Паллиативті көмек деп - қиын аурулары бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға арналған арнайы медициналық және әлеуметтік көмекті айтады. Қазіргі таңда қаладағы паллиативтік көмек көрсету тобында осындай алты маман жұмыс істейді. Алайда қажеттілікті толық қамту үшін мамандар саны жеткіліксіз. Есеп бойынша, әрбір 200 мың тұрғынға бір топ мүшелерінен келуі керек. Яғни қалада осындай үш бригада жұмыс істеуі қажет.Количество показов: 9
Дата создания: 13.10.2026 09:25:03



















