Қалада Отан қорғаушылардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды
Қаламызда 312-атқыштар дивизиясының жауынгерлерін еске алуға арналған рәсім өтті. Осыдан 85 жыл бұрын дәл осы күні дивизия сарбаздары Ақтөбе қаласында әскери ант қабылдаған. Ал 18 тамызда Кірпішті тұрғын алабынан майдан даласына аттанған. Бүгін шараға қатысушылар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.1941 жылдың тамыз айы. Ел басына күн туған алмағайып кезең. Осы уақытта Ақтөбе қаласында 312-атқыштар дивизиясы жасақталып, сарбаздар әскери ант қабылдады. Арада бір күн өткен соң жауынгерлер Кірпішті тұрғын алабынан майдан даласына аттанды. Олар елді қорғау жолында соғысқа кіріп, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Бүгін сол аумақта осы тарихи оқиға қайта еске алынды. Еске алу рәсіміне қатысушылар майданға аттанған жауынгерлердің ерлігін ұлықтап, олардың рухына тағзым етті. Шара барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сұрапыл соғыста қаза тапқан және елге жеңіспен оралған жауынгерлердің есімі құрметпен аталды. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты тарихты ұмытпай, кейінгі ұрпаққа батырлардың ерлігін жеткізу. Себебі бейбіт күннің бағасын түсіну үшін өткенді білу маңызды.312-атқыштар дивизиясының тарихы Ақтөбе өңірінің әскери шежіресіндегі маңызды беттердің бірі. Майданға аттанған жауынгерлердің ерлігі ел жадында мәңгі сақталмақ.
Количество показов: 17
Дата создания: 19.08.2026 07:49:25



















