Қалада халықаралық дейгейдегі хирургтердің республикалық конференциясы өтті
Бүгін қалада халықаралық дәрежедегі хирург дәрігерлердің қатысуымен республикалық деңгейде конференциясы өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен және шетелден жүзге жуық маман және облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Басқосуда хирургия саласындағы жаңа технологиялар мен емдеу тәсілдері талқыланды. Конференцияға Түркия, Оңтүстік Корея, Литва, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген мамандар қатысты. Шетелдік мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи хирургияның мүмкіндіктерін таныстырды.Мамандар әсіресе трансплантология, эндовидеоскопиялық хирургия және диагностика бағыттарының дамуына тоқталды. Солардың ішінде ТМД елдеріндегі белгілі белорусь ғалымы Олег Руммоның есімі ерекше атауға болады. Дәрігер 2014 жылы Қазақстанға келіп, алғаш рет бауыр трансплантациясын жасаған білікті хирург. Бүгінде күрделі операцияларды аз инвазивті әдістермен жасауға мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда хирургия саласы айтарлықтай ілгерілеген. Бұған медициналық технологиялардың жетілуі мен күрделі оталардың қолжетімді болуы әсер етіп отыр, дейді Қазақстан кардиологтар қауымдастығының президенті. Тәжірибелі маман бұл салада 1979 жылдан бері еңбек етіп келеді. Дәрігер ел тұрғындарының жүрек, қан-тамырлары, қан қысымының көтерілуіне қатысты шағымдары азайғандығын алға тартады. Статистика соңғы екі жылда кардиолог дәрігер көмегіне жүгінген науқастар санының азайғандығын тіркеген.
Конференцияның негізгі мақсаты - хирургтер арасында тәжірибе алмасып, озық әдістерді клиникалық тәжірибеге енгізу. Мамандар мұндай кәсіби кездесулер медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Халықаралық конференция аясында хирургияның бүгінгі жетістіктері ғана емес, саланы одан әрі дамыту жолдары да талқыланды.
Количество показов: 8
Дата создания: 12.09.2026 11:40:53



















