Қалада карантиндік демалыстар жарияланды
Ақтөбеде карантиндік демалыстар жарияланды. Енді әр сенбі-жексенбі күндері барлық кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын тоқтатып, тұрғындарға жаяу және жеке көліктерімен көшеде жүруге тыйым салынады. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шығарған жаңа қаулысына сәйкес, барлық сауда-ойын сауық орталықтарының, азық-түлік супермаркеттері мен гипермаркеттерінің жұмысы тоқтайды. Аталған талаптардың бұзылмауын өңірдің тәртіп сақшылары қатаң қадағалайды. Айта кетейік, бұл күндері шағын азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Сондай-ақ, арнайы рұқсат құжаты бар көліктер мен такси қызметтеріне, пошта және курьерлік қызметтерге тыйым салынбайды.Количество показов: 892
Дата создания: 25.06.2020 18:43:48



















