Қалада күш құрылымдары қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
Шаһардағы жекпе-жек спорт сарайына өңірдегі күштік құрылымдардың үздік спортшылары жиналды. Жарыс қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған. Қатысушылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жарысқа 120-ға жуық спортшы қатысып, әр жекпе-жекте өздерінің жауынгерлік шеберлігі мен спорттық дайындығын көрсетті. Командалық есепте Ақтөбе облысы полиция департаментінің құрамасы үздік атанды. Екінші орын 6655 әскери бөлімінің, үшінші орын Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің командасына бұйырды. Чемпионаттың арнайы қонағы олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен естелік сыйлықтарды табыстады. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталып, Ақтөбе облысының құрамасына республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайтын спортшылар іріктелді. Мұндай жарыстар қызметкерлердің жауынгерлік даярлығын шыңдап, спорттағы үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.Количество показов: 12
Дата создания: 15.09.2026 09:21:46



















