Қалада "Еңбек жолы" және "Парыз" байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды
Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров еңбекші күніне орай еліміз үшін ерен еңбек етіп жүрген жандарды марапаттады. Марапатқа ие болғандар қатарында еңбекпен елге танылып, маңдай терін төгіп жүрген отбасы мүшелері бар. Хромтау ауданы Көктау ауылының тұрғындары Нұрлыбек Қазтаев пен оның отбасы «Еңбек жолы» байқауының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша марапатталды. Олар "Ақтөбе мыс кәсіпорны" серіктестігінің атынан қатысқан. Отағасы да, жары да, үлкен баласы да өз салаларында табанды қызмет атқарып, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Нұрлыбек Қазтаев 3 жылдан бері Ақтөбе мыс компаниясында машинист болып жұмыс жасайды. Жасы 47-де. Бір шаңырақтан үш адамның қатар марапатқа ие болуы - отбасы үшін үлкен қуаныш әрі еңбектің еленгенінің белгісі. Үш баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін еңбек - ұрпаққа үлгі боларлық құндылық. Бүгінгі марапатты олар жылдар бойғы еңбектерінің жемісі деп қабылдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Одан бөлек, «Парыз» байқауының өңірлік кезеңі бойынша жеңімпаздары анықталды. «Парыз» байқауында әлеуметтік жауапкершілік, еңбек қауіпсіздігі және экология бағытында үздік нәтиже көрсеткен кәсіпорындар өте көп. Ал «Еңбек жолы» байқауы биыл үш айналым бағытында өткен. Үздік еңбек әулетінен басқа өндірістің үздік жас маманы және жастардың "үздік тәлімгері" анықталды. Марапаттау рәсіміне екі конкурс бойынша өңірлік кезеңнің 22 жеңімпазы қатысты. "Өндірістің үздік маманы", "Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері" номинациялары аясында үздіктер сараланды. "Парыз" байқауының жеңімпаздары ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорындар арасында және тағы да басқа бағыттар бойынша бағаланды.
Количество показов: 13
Дата создания: 24.09.2026 09:39:04



















