Қалада білім басқармасы алқасының отырысы өтті
Шаһардағы №80 орта мектепте білім басқармасы алқасының отырысы өтті. Шараның мақсаты тәрбие ісі жөніндегі негізгі артықшылықтар арқылы тәжірибе алмасу. Отырыс барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру және тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қарастырылды. Алқа жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, сондай ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қатысты.Жалпы өңірдің білім беру саласында соңғы жылдары жүйелі өсім мен сапалық өзгерістер байқалады. Мектепке дейіңгі ұйымдар саны артып, балаларды қамту көрсеткіші 95 пайыздан асқан. Окушылардың зияткерлік жетістіктері де жоғары деңгейге жетіп, цифрландыру бағыты да қарқын алды. Алқа отырысында, білім деңгейін көтеру мақсатындағы көптеген ой-талқы ортаға салынды. Шарада білім беруде ЖИ-ді тиімді пайдалануды, оны артықшылыққа айналдыруды көздейді. Қазіргі таңдағы педагогтардың білім деңгейінің көрсеткіші туралыда мәселелер көтерілді. Осылайша өңірде білім беру жүйесін дамыту бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Негізгі мақсат сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Количество показов: 8
Дата создания: 05.03.2026 08:34:50



















