Қалада қайырымдылық қор әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесуде
Қалада "Азық-түлік қоржыны" қайырымдылық қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен қатар, киім-кешек және қажетті заттар таратады. Ол үшін көмекке мұқтаж азаматтар қажетті құжаттарын ұсынуы тиіс. Ал қайырымдылық жасағысы келетін тұрғындар өздері қолданбайтын заттарын қорға тапсыра алады.Қаламызда"Азық-түлік қоржыны" қайырымдылық қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетеді. Ол үшін азаматтар қажетті құжаттарын ұсынып, әлеуметтік жағдайын растайды. Қорға тұрғындар киім-кешек, тұрмыстық заттар және өзге де қажетті дүниелерін әкеліп тапсыра алады. Осылайша біреуге қажетсіз болған зат екінші адамға үлкен көмек болуы мүмкін. Мамандар қайырымдылықты дамытудың заманауи тәсілін қолға алған. Соның бірі тик ток желісі тікелей эфир арқылы қордың жұмысын таныстыру. Қайырымдылыққа атсалысатын тұрғындардың пікірі де әртүрлі. Бірі бүгінде волонтерлік қозғалыс пен қайырымдылықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтса, енді бірі мұндай көмектің көлемін әлі де арттыру қажет деп санайды. Қайырымдылық - бір реттік көмекпен шектелмейтін, қоғамдағы өзара қолдауды қалыптастыратын игі іс. Ал мұқтаж жанға берілген аз ғана көмек оның тұрмысын жеңілдетіп, қиындықты еңсеруіне себеп болуы мүмкін.
Количество показов: 10
Дата создания: 20.08.2026 07:48:39



















