Қалада алғаш рет шаңғыроллерден Азия кубогына Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Шаңғыроллерден Азия кубогы мен жастар арасындағы шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Халықаралық додаға Қазақстан, Моңғолия және Тайландтан 134 спортшы қатысуда. Ал ел чемпионатында 150-ге жуық жас спортшы бақ сынауда. Жарыс биыл алғаш рет Ақтөбеде ұйымдастырылып отыр.Өңір алғаш рет шаңғыроллерден Азия кубогына, ал екінші рет жастар арасындағы шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатына қатысушыларды қабылдауда. Қалада 24 тамызда басталған жарыстарға Қазақстан, Моңғолия және Таиланд елдерінен 134 спортшы қатысуда. Оның ішінде Қазақстаннан 120, Моңғолиядан 5, Таиландтан 9 спортшы келген. Бұл Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылып отырған FIS Roller Ski Asian Cup Азия кубогы. Ал жастар арасындағы шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатына 150-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар еліміздің 10 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан және Қазақстан ұлттық құрамасынан келген. Ақтөбе облысының намысын Азия кубогында 14 спортшы қорғаса, ел чемпионатында өңірден 25 спортшы бақ сынауда. Мамандардың айтуынша, мұндай жарыстар жас спортшылардың тәжірибесін шыңдап қана қоймай, ұлттық құрамаға мықты резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық деңгейдегі доданың Ақтөбеде ұйымдастырылуы өңірдегі қысқы спорт түрлерін дамытуға да серпін бермек. Ақтөбедегі халықаралық және республикалық жарыстар 28 тамызға дейін жалғасады. Спортшылар үшін бұл жазғы маусымдағы шеберлігін шыңдап, ел намысын халықаралық аренада қорғауға дайындалатын маңызды кезең.
Количество показов: 14
Дата создания: 26.08.2026 09:12:39



















