Қала жолдары суға толды
Соңғы тәулікте өңірде жаңбыр тоқтамай тұр. 109- нөміріне де қала тұрғындарының өтінішіне толды, себебі толастамастан жауып тұрған жаңбыр салдарынан үйлері суға кетіп жатқан тұрғындар да бар. Қазіргі уақытта қала көшелерінен суды сорғылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. 100-ден астам ассенизатор тәулік бойы кезекшілікпен жұмылдырылды. Сонымен қатар, насостық станциялар жұмыс істеуде. Ақтөбеде екі күннен бері толассыз жауған жаңбырдан қала көшелері суға толды. Күні-түні толассыз жауған жауыннан қала көшелері суға толып, жаяу жүргіншілерді біраз әбігерге салды. Сондай-ақ көлік жүргізушілері су сорғылаумен айналысатын мекемелердің жұмысына көңілі толмайтындарын айтып наразылық танытуда.Жауаптылардың айтуынша, нөсер жаңбыр басылғанға дейін жұмыстар жалғаса береді. Қазір көшелерде 110 ассенизатор, насостық станциялар және мотопомпалар тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасап жатыр. 109 байланыс қызметі тұрғындардан өтініштер қабылдауда. Бүгінге дейін қалада 110 мың текше метр су сорылған. Су сорғылау жұмыстары қаланың екі ауданында да тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Ахуалдық орталыққа хабарласқа әр тұрғынның өтінішіне шығып жатыр жұмысшылар,- дейді басшылық. Үш күнде жауған жауын-шашын бір айлық нормамен тең болып отыр. Ауа райы болжамы бойынша алда әлі екі күн нөсер болады деп күтілуде.
Количество показов: 10
Дата создания: 05.06.2026 06:50:41



















