Қала тазалығын бұзғандар айыппұл арқалайды
Бұл - Махамбет Өтемісов көшесі. Көріп тұрғандай көше қоқыстан таза. Арнайы қоқыс алатын техника аптаның әр сейсенбесі мен сенбісі келіп, тұрақты түрде алып кетеді. Тек талдан түскен жапырақтар ғана үйлердің алдына жиналған. Тұрғындар аула алдына сенбілік жасайтынын айтады. Қала тазалығын бұзуға жол жоқ, оның ішінде қоғамдық орындарға қоқыс тастауға тиым салынады. Ірі көлемді қоқысты шығарған тұрғындар оны полигонға апаруға міндетті. Мысалы, Әбілқайыр хан даңғылының дәл бойына сынған диван, шкаф және басқа да тұрмыстық қатты қалдықтарды, кеңсе жиһаздарын апарып үйіп қойған қала тұрғыны анықталған. Полиция қаланың тазалығын бұзып, даңғылдың ортасына ірі көлемді қоқыс төккен ақтөбеліктің жеке басын анықтап, оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-ші бабы бойынша айыппұл салды.Количество показов: 22
Дата создания: 15.10.2025 08:30:08