Қала тазалығы басты назарда
Қала тазалығы басты назарда. Оның ішінде көпқабатты үйлердің алдындағы қоқысты шығару жұмыстары аптасына 3-4 рет жүзеге асып отырады. Есет-батыр көшесіндегі қоқыс контейнерлері уақытында тазартылатынын айтады тұрғындар. Бірақ апталап қоқысы шығарылмайтын жерлер де бар. Бұл Есет батыр көшесінің көпқабатты үйлерінің бірінде орналасқан қоқыс контейнері. Жәшіктердің қоқысқа толғаны көрініп тұр. Одан қалды қатты тұрмыстық қалдықтар да жатыр. Тұрғындардың бірі бұл жерде қоқысты уақытында шығарады десе, бірі апталап тазартпайды деген пікірде. Соңғы кездері жүргізіліп жүрген сауалнамаларға сүйенсек, тұрғындар шаһарда барлық сала бойынша алға жылжу бар екенін айтады. Жол тазалау, көшелерді таза ұстау, қоқысты уақытында алу секілді күнделікті жұмыстар қарқынды жүргізіліп отырады дейді. Дегенмен, арнайы жәшікке қоқыс тастау мәдениеті ақсап тұрғаны белгілі. Үйден шыққан қалдықтарды қоқыс жәшігіне жеткізбей лақтыра салатындар жоқ емес. Оған себеп үйіліп жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар. Қала тазалығы - ортақ іс. Оны әркім өзінен бастағаны дұрыс.Количество показов: 7
Дата создания: 13.01.2026 07:39:40



















