Қала тазалығы қалыпты ма?
Қаламыздағы Әбілқайыр хан мен Абай даңғылы қиылысында орналасқан үйлердің алдындағы қоқыс контейнерлері тазартылған. Тек қызыл жиһаздардың шығарылып тастағаны көрініп тұр. Оған қоса кесілген ағаш бұталары да үйіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, демалыс күндері қоқыс дұрыс алынбады. 3-4 күндеп жиналған қоқыс желмен ұшып, жан-жаққа шашылған. Бірнеше көпқабатты үйден шыққан қоқыс қалдықтарының пакеттері бір күнде жәшікті толтырады. Бірнеше күндеп жатқан қалдықтар ит, мысықтың жеміне айналған. Дегенмен, ақтөбеліктердің дені үйлерінің алдындағы қоқыс контейнерлерінің таза екенін жеткізді. Күнделікті тазартылыпты. Шаһар тазалығы туралы нақты ақпарат алу үшін Астана ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласып көрген едік, қоңырауға жауап бермеді. Енді тұрғындар жұмыс күндері қоқыс уақытында алынады деген ниетте.Количество показов: 20
Дата создания: 06.01.2026 01:28:11



















