Қала тұрғынын қарақұрт шағып, жансақтау бөлімінен бір шыққан
Қала тұрғынын қарақұрт шағып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Науқастың туыстары медициналық көмек кезінде дұрыс диагноз қойылмағанын айтады. Медицина қызметкерлері болса, келген науқасты нақты қандай жәндік шаққанын тексеруге белгілі бір уақыт кететінін айтады. 47 жастағы қала тұрғыны Эльвира Опина өзін 28 маусым күні жәндік шаққаннан кейін жағдайы күрт нашарлағанын айтады. Туыстарының сөзінше, олар дереу жедел жәрдем шақырған. Алғашқы болып жеткен фельдшер қарақұрт шағуы болуы мүмкін екенін айтып, науқасты 1 қалалық ауруханаға жеткізген. Туысының айтуынша, ауруханада науқасты бірнеше маман қарап, бастапқыда оған остеохондроз диагнозы қойылып, неврология бөліміне жатқызылған. Кейін жағдайы ауырлаған соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырылып, токсиколог шақырылған. Науқастың жақындары диагноз қою кешіктірілді деп есептейді және осыған байланысты жауапты дәрігерлердің әрекетіне наразылық білдіруде. Ал дәрігерлердің мәліметінше, науқас ауруханаға түскен сәтте қарақұрт шаққанын нақты растайтын белгілер болмаған. Сондықтан диагноз клиникалық көрініске қарай қойылған. Кейін қосымша тексерулер мен бақылау нәтижесінде улы жәндік шағуы болуы мүмкін деген болжам жасалып, тиісті ем басталған. Қазіргі таңда Эльвира жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылып ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты ауыр, қажетті дәрі-дәрмек толық көлемде берілуде, тиісті ем-дом жүргізіледі. Науқас толық айығып кеткенше, дәрігерлердің бақылауында болады дегенді айтады. Ал науқастың туыстары болса, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмегенін айтып, қазір туысымыздың жағдайы нашар. Қашан өз-өзіне келіп, жазылып кететінін білмей отырмыз деп уайымдайды.Количество показов: 9
Дата создания: 01.07.2026 07:49:47



















