Қала тұрғыны жаяу жүргіншілер жолының сапасыз салынып жатқанына шағымданды
Қаламыздағы Жанқожа батыр көшесінің жолдары жөнделіп жатқаны белгілі. Кешегі күннен бастап Алтынсарин және Некрасов көшелеріне дейін тротуар төсеу жұмыстары басталды. Алайда қаланың жанашыр тұрғындарының бірі құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізіліпжатқан жоқ деген ойда. Айтуынша, тротуардың деңгейін көтермесе, жаңбыр кезінде тротуардың бетін су басып кетуі мүмкін. Жанқожа батыр көшесінің Алтынсарин және Некрасов көшелерінің қиылысына дейінгі аралығында жаңа тротуар төсеу жұмыстары қарқын алған. Алайда халық жаңа тротуардың сапасына қатысты алаңдаулы. Бұған дейін көктемгі және күзгі кезде су-батпаққа айналатын бұл аумақта жаяу жүргіншілер қиналады. Себебі тротуардың деңгейі төмен болғандықтан, жол жиі суға толып кетеді,- дейді тұрғын. Тұрғын Нұрлан Қонақбаевтың айтуынша, көршілес көшелердегі тротуарлар жол деңгейіне көтеріліп жасалғаннан кейін ғана жағдай жақсарған. Сондықтан ол бұл көшеде де жаяулар жолын асфальт деңгейіне дейін көтерулерін сұрайды. Ол бұл мәселемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне де жүгінген. Алайда, бөлім мамандары нақты жауап бермей, ұсынысын назарға алатынын және мәселені қарастыратынын айтқан. Жанқожа батыр көшесінде жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жауаптылар егер жобалық шешімдерден ауытқу немесе құрылыс сапасына қатысты кемшіліктер анықталса, мердігер компания оларды кепілдік мерзімі аясында жоюға міндетті екенін жеткізді.Количество показов: 13
Дата создания: 12.08.2026 06:59:55



















