Қала тұрғыны өзіне қарасты емханадан толық ем ала алмайтынын айтып шағымданды
№2 қалалық емханаға қарасты қала тұрғыны медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымын білдірді. Қуаныш Кершетай 6 жылдан бері 1 топтағы мүгедектігі бар жандар санатына тіркеулі. Ол ең алдымен жеке оңалту бағдарламасында жіберілген қателік салдарынан мүгедектер арбасын уақытында ала алмағанын айтты. Оның сөзінше, құжат дұрыс рәсімделмегендіктен, арбаны алу мерзімі кейінге шегеріліп, енді тағы бір-екі ай күтуге тура келеді. Сонымен қатар, қазіргі берілген арбаның бойына сәйкес келмейтінін жеткізді. Тұрғын сондай-ақ дәрі-дәрмекке берілетін рецепттердің де қате толтырылатынын айтты. "Кейде науқастың аты-жөні, кейде сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмей, қажетті дәрілерді уақытында алуға қиындық туындайды", - дейді ол. Бұдан бөлек, тұрғын 7 шілде күні жұбайы сырқаттанған кезде жедел жәрдем қызметі келмегенін айтып, бұл жағдайға да наразылығын білдірді. Тұрғындардың айтуынша, медицина қызметкерлері құжаттарды мұқият рәсімдеп, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруы қажет. Екінші тарапиың да жауабы дайын. №2 қалалық емхананың бас дәрігерінің айтуынша, мамандардың тарапынан мүгедектерге арналған арбаны беруге арналған құжат белгіленген уақытта дайындалған. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалтуға жолдама сәуір және маусым айларында жазылғанын жеткізді бас дәрігер. Ал дәрі-дәрмек мәселесін толыққанды қарау керек екенін айтты дәрігер. "Дегенмен дәрі-дәрмек тізімдеріне нұсқаулық беруге қатысты қиындықтар болмауы тиіс". Егер науқасқа дәрігерлер дәрі нұсқаулығын берген жағдайда, науқас оны міндетті түрде алады, - деді Толыбай Бәжіров.Количество показов: 59
Дата создания: 17.07.2026 09:23:33



















