Қала саябақтарына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қаланың көркін ашатын жаңа демалыс аймақтары бой көтеріп келеді. Солардың бірі - қалалық мәдениет үйі жанындағы салынып жатқан сквер құрылысы. Қала тұрғындары қаладағы демалыс аймақтарына қатысты қандай пікірде? Қалада жаңа скверлердің құрылысы қарқын алған. Тұрғындар бұл бастаманы қолдап, өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, өңірде демалып, таза ауамен тыныстап отыратын жерлер жеткілікті. Ал жөндеу жұмыстарына назар салсақ, олар әрі қарай да демалыс аймақтарын жақсартады деген сенімде. Соның ішінде қалалық Мәдениет үйінің жанындағы сквер жаңартылып жатыр. Топырақтар төселіп, қазіргі таңда жұмыстар атқарылуда. Қала халқы бұл мәселеге оң көзқарас танытты. Дегенмен "жаяулар жолы салынып, субұрқақтар күн сайын тұрақты түрде жүұмыс жасап тұрса,-дейді.Скверлердің абаттандыру жұмысына қала әкімдігі мұрындық болған. Қалалық мәдениет үйі жанындағы скверді жөндеу жұмыстарын "Қала Транс Компаниясы" серіктестігі өз қолына алған. Бұл жерде әдемі тастар төсеп, жаяулар жолын салып, жарықтар мен орындықтар орнатып, қала тұрғындарына демалуға қолайлы жағдай жасау көзделген. Сонымен қатар, балалар ойын алаңын кеңейту де жоспарланған. Жұмыс толық аяқталса, жаңа демалыс аймағы қала келбетіне сай, жайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.
Количество показов: 13
Дата создания: 16.06.2026 05:43:53



















