Қала ортасындағы Сазды өзенінің жағдайы көңіл көншітпей тұр
Арнасы қаланың қақ ортасынан өтетін Сазды өзенінің жағдайы түзелер емес. Өзен ішіне қоқыс қалдықтары жиналып, аумақты қалың шөп басқан. Тұрғындардың айтуларынша бұл жердің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Және бұл мәселенің бір күнде пайда болмағанын, жылдан жылға жалғасып келе жатқан түйіні шешілмеген мәселе екенін айтады. Қаламыздың орталығынан өтетін Сазды өзенінің қазіргі көрінісі көңіл көншітпейді. Жағалаудың бірқатар тұсын адам бойымен бірдей қамыс басқан. Кей жерлері батпаққа айналып, өзен арнасының қараусыз қалғанын аңғартады. Тұрғындардың айтуынша, өзеннің тек жекелеген бөліктерін емес, бүкіл жағалауын абаттандыру қажет. Сазды өзенінің бойын абаттандыру мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Алайда тұрғындардың айтуынша, өзеннің қазіргі жағдайы әлі де назар аударуды қажет етеді. Сазды өзені қала орталығы арқылы ағып өтеді. Яғни адамдар көп жүретін жерде, қалаға көрік беріп тұратын жерді, қазір өкінішке орай шөп басып тұр. Бұл тек биыл ғана емес, өзеннің бұл бөлігінің жылдағы көрінісі. Біз өзенге қатысты қандай жұмыстар жүргізіледі, білмекші едік, жауапты мекемелер әзірге кері байланысқа шықпады. Тұрғындар Сазды өзенінің жағалауы толықтай абаттандырылып, қалаға көрік беретіндей, әрі халыққа қолайлы демалыс орнына айналса екен дейді.Количество показов: 11
Дата создания: 14.08.2026 13:12:49



















