Қала көшелеріндегі жолсыздық тұрғындарды алаңдатып отыр
Қаламызда соңғы жылдары негізгі көшелермен қоса, аула көшелеріне жөндеу де жүргізіліп жатқаны белгілі. Әйтсе де, мүлде асфальт төселмеген көшелер де бар. Индустриальная көшесінің тұрғындары жолдың жоқтығынан шаршағанын айтып біздің редакцияға хабарласты.Олардың сөзінше,жаңбыр жауса көшені су басып,жүрудің өзі қиынға соғады. Ал,әкімшілікпен арнайы мекемелерден берілетін кезекті уәделер орындалмаған. Тағы да жол мәселесі. Қала орталығы саналатын Индустриальная көшесінің маңында мектеп, балабақша, әскери полиция мекемелері орналасқан. Сондықтан мұнда күн сайын адам қарасы көп.Тұрғындардың айтуынша, жаяу жүргіншілер тұрмақ, көлікпен қатынаудың өзі адамды біраз әбігерге салады.Жолдың жағдайын өздігімен жақсартуға тырысқан тұрғындар қиыршық тас төсеген.Бірақ уақыт өте келе ол топыраққа сіңіп кетіп,көше бұрынғы күйіне қайта түскен. Бұл көшеде 28 жылдан бері тұрып келе жатқан тұрғынның сөзінше,2017 ж әкімшіліктен адамдар келіп,тұрғындармен тілдесіп,жолдың жасалатынын айтып уәде берген.Бірақ содан бері 9 жыл өтсе де,мәселе сол күйі шешімін таппаған.Ол өз үйінде 2 мүмкіндігі шектеулі жанның бар екенін айтып,жолдың жоқтығы оларға үлкен ауыртпашылық түсіретінін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар қоқыс шығару жүйесіне, балалар алаңына қатысты, жарық пен арықтың жоқтығына да наздарын білдірді. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандары болса бұл көшедегі жол құрылысы арнайы сараптамадан өтіп, жобалық-сметалық құжаттың тексеріске жіберілгенін мәлімдеді. Егер аталған көшенің жұмыстары қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстарын бірден бастаймыз, егер үлгермей қалған жағдайда, келесі жылға созылмалы жоба болып кетеді,- дейді мамандар.Количество показов: 9
Дата создания: 09.06.2026 06:24:07



















