Қала көшелеріндегі көлік кептелісін әуеден бақылауға мүмкіндік бар
Қала тіршілігі қайнаған шақта, көшедегі көлік қозғалысы жиілей түседі. Әсіресе негізгі көшелер мен ірі қиылыстарда көлік ағыны жиілейді. Жүргізушілердің діттеген жеріне жетуі қиындайды. Осындай жағдайларда жедел әрекет ету үшін патрульдік полиция қызметкерлері, ұшқышсыз ұшу апараттарын пайдалануда. Бастысы аппарат көше мен даңғылдардағы кептелісті азайтуға мүмкіндік бермек. Көлік кептелісі таңертеңгі және кешкі уақыттарда орын алады. Ақтөбеліктер болса өзге қалалармен салыстырғанда Ақтөбеде жолдағы жағдайды аса күрделі емес деп бағалайды. Ұшқышсыз аппараттар арқылы полиция қызметкерлері көлік қозғалысын әуеден бақылап, кептеліс пайда болған учаскелерді анықтайды. Мәселен, Молдағұлова даңғылы бойындағы қиылыстардың бірінде жол ахуалы дронның көмегімен бақыланады. Әуеден алынған ақпарат патрульдік полиция жедел жасағына жеткізіледі. Мамандар қажет болған жағдайда тәртіп сақшылары қозғалысы қиындаған аумаққа бағытталып, жолдағы жағдайды реттеуге кірісетінін айтады.Количество показов: 15
Дата создания: 10.10.2026 10:14:58



















