Қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті
Қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жекпе-жек сарайына бүгін шаһардың 300 баласы жиналды. Бас шыршаны бірге жағып, шаһар басшысынан сыйлықтар алды. Қонақтардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ дарынды оқушылар бар. Бүгін Жекпе-жек сарайында қала әкімінің атынан балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өтті. Сиқыршы Фея Ақшақарларды оятып, ойыншықтар би биледі. Жаңа жыл ертегісіне толы шаһардың бас шыршасына 300-ге жуық оқушы қатысты. Кішкентай қонақтардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ дарынды оқушылар бар. Бас шыршаны бірге жағып, шаһар басшысынан сыйлықтар алды. Жас өрендер үшін театрландырылған қойылым қойылды. ЛЭД экраннан Аяз ата мен Ақшақар шығып, балаларды құттықтады. Ескі жыл жылан мен жаңа жылдың иесі жылқы диалогын тыңдады. Кейін Шырша шамы жағылып, балалар қала басшысымен бірге шыршаны айнала биледі. Балаларға арнап түрлі ойындар, байқаулар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін бағдарламалар да әзірленген.Количество показов: 7
Дата создания: 27.12.2025 07:26:23



















