Қалада 44 000- нан астам шағын және орта бизнес нысаны бар. Ал тауар айналымының көлемі 528,9 млрд.теңге. 8100 тонна дәнді-дақыл жиналды. Жылыжайлардың жалпы аумағы 25,2 гектарды құрайды. Олардан жиналған өнім 7 мың тоннадан асады. Былтыр қалада 619 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы "Нұр Ақтөбе" ауданында салынып жатқан 6 көп қабатты, 20 аз қабатты және 124 коттедж типтес тұрғын үйлердің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Әкімнің баяндамасынан соң залға жиналған қауым көкейдегі мәселелерін көтеріп, сұрақ қойды. Бірі әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін жеткізсе, бірі кейбір ведомостволардың жұмысына шағым айтты. Дені-медицина саласына қатысты. Азаматтардың бағбандық және саяжай құрылысы үшін алған жерлері сатылуға немесе сыйға тартуға жатпайды. Бұл-Ілияс Испановтың Алдаберген есімді қала тұрғынына берген жауабы. Қарияның айтуынша, бау-бақша ұжымында тұрып жатқан жерінен оны қуып шықпақ. Жерді біреу сатып алған. Қалалық прокуратураның табалдырығын тоздырған ақсақал бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрады.
Өзін мұғаліммін деп таныстырған мына қала тұрғынының Қарғалы аудандық ауруханасының дәрігерлеріне өкпесі қара қазандай. Денсаулығында еш кінәрат жоқ келіні босанғаннан кейін қан кетіп, қазір ес-түссіз жатыр. Бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп,-дейді ақтөбелік. Бүгінгі жиынға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен депутаттар қатысты. Ал тұрғындардың әлеуметтік салаға қатысты сауалдарына жауап беру үшін басқарма басшылары да шақырылған. Айта кетейік, бұл-қала әкімі Ілияс Испановтың тұрғындармен 7-қорытынды кездесуі. 21-ақпанда облыс әкімі Б.Сапарбаевтың есептік кездесуі өтеді деп жоспарлануда.
Количество показов: 1395
Дата создания: 12.02.2018 19:16:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>