Қала әкімі ауысты
Қала әкімі ауысты. Бұл орынға бүгін 41 жастағы Асхат Шахаров тағайындалды. Асхат Шахаров ақтөбеліктерге жақсы таныс. Әр жылдары Жұбанов университетінде жұмыс жасаған. Олимпиада ізбасарларын даярлау орталығының директоры болды. Қалалық, облыстық мәслихаттың депутаты болды. 2013 пен 17-ші жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында әкім. Ал 2017-ші жылдың 1-шілдесінен Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында әкім болды. Ол жаңа қызметінде Мавр Абдуллинді ауыстырды. Мавр Абдуллин облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тағайындауымен былтыр 24-маусымнан бері шаһар басшысы болып отырды. Мавр Абдуллин басқа қызметке ауысып жатыр.Количество показов: 839
Дата создания: 16.03.2020 20:38:05



















