Қала ажарына нұқсан келтіретін нысандарға ескерту жасалды
Бұл-Қ.Сәтпаев көшесінің бойында тұрған азық-түлік дүкендерінің бірі. Мобильдік топ мүшелерінің айтуынша, нысанның қасбеті нашар, төбесінің сыры кеткен. Қаланың көркін бұзып тұрған нысан иесіне ескерту жасалды. Әзірге айыппұл салынған мекемелер жоқ. Қала әкімінің қаулысымен қаланы көгалдандыру, безендіру жөнінде арнайы штаб құрылған болатын. Сол штаб жұмысы аясында мобильдік топтар қала көшелерін аралап, қадағалау жүргізуі тиіс. 14 мобильдік топ бар. Айта кетейік, күзгі сенбіліктер қараша айына дейін жалғасады.
Количество показов: 1360
Дата создания: 15.09.2017 18:57:23