Қалаға кіреберіс жолда заманауи кэмпинг салынады
Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов пен кәсіпкерді тегін жер телімімен қамтамасыз еткен "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Қайрат Бекенов жобамен танысты. 25 орынды қонақ үй, жанар-жағар май бекеті мен кафе қарастырылған. Жоба бойынша кез келген адам жол бойындағы кэмпингке тоқтап, монша, саунаға түсе алады. Тіпті, кір жуу орындары да жұмыс істейді. Мұнда көліктерге техникалық қызмет көрсетіліп, демалушылардың атпен серуендеуіне жағдай жасалады. Аумағы 3 гектар болатын кэмпинг жеке меншік-мемлекеттік серіктестік аясында салынады. Жер телімі "Ақтөбе" әлеуеметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бөлініп отыр. Жоба құны - 270 миллион теңге. Халықарылық стандарт бойынша мұндағы мамандар шет тілін меңгереді. Барлығы 45 адам жұмыс істейді. Айта кетейік, құрылыс келер жылдың соңында аяқталады.
Количество показов: 1944
Дата создания: 02.08.2016 18:16:25