Қалаға гүлдің жаңа легі жетеді
Бүгін салондар бұрынғыдан қалған қалдық гүлдерді сатып жатты. Жаңа түсімді барлығы да ертеңнен бастап күтіп отыр. Қаладағы гүл салондарының 1-ші қыркүйекке берген тапсырыстары ертең, арғы күндері жеткізіледі. Ұстазға, мектепке кез келген гүлді, кез келген түсте ала беруге болады дейді салон қызметкерлері. Бастысы, бағасы көңіліңізден шықса болғаны. 1-ші қыркүйекке қарсы гүл бағасын қымбаттатуды да жоспарламайтындарын айтады гүл сатушылар. Бірақ, сұраныс жоғарылаған күні сатып алушылардың өзі де бағаға қарап жатпайды. Қазір салондарда гүлдің бағасы 2-3 мың теңгеден басталады.
Количество показов: 1333
Дата создания: 27.08.2018 18:52:49



















