Алға теміржол вокзалы жаңарған ғимаратта өз жұмысын бастады
Ғасырға жуық тарихы бар Алға теміржол вокзалы жаңарған ғимаратта өз жұмысын бастады. Алыстан көз тартқан нысанның қасбеті жаңғырып, инженерлік жүйесі толықтай жаңарған. Вокзалдың жолаушылар күту залы мен билет кассалары да заманауи талаптарға сай жабдықталған. Енді алғалықтар мен ел тұрғындары жаңа нысанның игілігін көрмек. Өткен ғасырда салынған теміржол станциясы осы уақытқа дейін мыңдаған жолаушының діттеген жеріне жетуі үшін қызмет етті. Тарихқа үңілсек, 1935 жылы вокзалдың бір қабатты ғимараты бой көтерген. 100 жыл тұрып әбден ескірген нысан "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен жаңғырып, жолаушыларға есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына қатысқан теміржол станциясының ардагері жылы лебізін білдіріп, алғыстарын айтты. Айта кетейік, облыста 7 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Оның ішінде Ақтөбе қаласындағы негізгі теміржол вокзалы бар. Барлық нысандар халыққа 100 жылдан аса қызмет көрсетіп, ескіріп қалған. Жаңарған вокзалдар жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдайда қызмет көрсету үшін мемлекет қазынасынан млдр теңгеден аса қаражат бөлінген.Количество показов: 10
Дата создания: 02.09.2026 10:02:16



















