Алға ауданында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты
Бүгін түсте Бестамақ ауылынан үш шақырым жерде екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды. Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойында «Тойота-Ипсун» маркалы көліктің 24 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, «Лада-Ларгус» машинасына соққан. Жол апатынан оқиға орнында Ладаның 46 жастағы жүргізушісі мен бір жолаушысы қаза тапты. Тағы бес адам Алға аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Үшеуі ауыр жарақаттан қайтыс болды. Апат бойынша тергеу басталды.Количество показов: 937
Дата создания: 09.06.2020 18:47:25



















