АИТВ жұқпасына тегін тексеріл!
Ақтөбеліктер АИТВ инфекциясына тегін скринигтен өте алады. Мұндай мүмкіндікті облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының зертханасы ұсынып отыр. Ең бастысы - талдаудан өтушінің қолында жеке басын куәландыратын құжат болуы шарт. Қанды Орталықтың өзінде де, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кез келген медициналық мекемеде тапсыруға болады. Орталықтағы зертхана заманға сай техникалармен жабдықталған. Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растайтын халықаралық аккредитация аттестатына ие. Мұнда АҚШ, Италия, Корея, Германия, Франция, Ресей елдерінде өндірілген құралдар қолданылады. Әлем бойынша АИВТ жұқпасының эпидемиологиясын тоқтатуға бағытталған стратегия бар. Оған біз 2030 жылы қол жеткізу жоспарда бар дейді мамандар. Биылғы қаңтарда аймақта қазақстандықтар арасынан АИТВ инфекциясының 4 жағдайы тіркелген. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 жағдайға аз дейді мамандар. Ал, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 577 адам АИТВ жұқпасымен тіркеуде тұр. Ел бойынша Ақтөбе 17-орында.Количество показов: 5
Дата создания: 06.02.2026 07:36:24



















