Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңызын мамандар талқылады
Бүгін шаһарда адам папиллома вирусына қарсы вакцинация мәселесі кеңінен талқыланған дөңгелек үстел өтті. Шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің иммундау бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиев қатысты. Иммунопрофилактика бағытындағы жұмыстарға баға берді. Жиын 11-13 жастағы қыз балаларды АПВ-ға қарсы вакцинациялау және иммундау бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған. Мамандардың айтуынша, адам папиллома вирусы жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі. Сондықтан ерте жаста екпе салу қыз балалардың болашақ денсаулығын қорғаудың тиімді жолы. «Өзгерістерге жол: жатыр мойны обырын жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинация саласындағы әйелдердің күшті көшбасшылығы» атты шарада өңірдегі вакцинация жұмыстарының барысы талқыланып, халықты қамту деңгейін арттыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері көтерілді. Әсіресе ата-аналардың екпеге деген күмәні мен қарсылығы басты түйткіл ретінде аталды. Айта кетейік, аймақт бұл бағыттағы жұмыстар 2024 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Дегенмен, мамандар қоғамда вакцинаға қатысты сенімді әрі ғылыми негізделген ақпараттың жетіспейтінін айтады. Жиын қорытындысында қатысушылар иммундау жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі екенін атап өтіп, бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін жеткізді. Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер халық денсаулығын нығайтуға, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және профилактикалық екпелермен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Количество показов: 6
Дата создания: 07.05.2026 07:24:56



















