Абайлаңыз, нитрат!
Қарбыз жесеңіз қарап жегеніңіз дұрыс! Өйткені ерте піскен жемістің құрамында нитрат көп болуы мүмкін. Ал сэс мамандары мұндай жеміс-жидекті жеу денсаулыққа аса зиян екенін жасырмайды. Сондықтан базардан әкелінген көкөністерді ас содасына кемінде 30 минутқа қалдыру қажет. Кейін ағынды суға жақсылап шайып алу керек.Таңсық ас көздің жауын алады, қасынан жай өтіп кете алмай, қарбыз-қауынның дәмін ерте татып қойғандар да бар. Сатып алған өнімдердің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы қажет.Өнімдердегі нитраттардың мөлшері термиялық өңдеу процесінде азаяды. Жемісті аямай ыстық сумен жуып алыңыз. Осылайша, улану қаупін азайтасыз, дейді мамандар. Егер тағамнан улануға күдік туындаса жедел медициналық көмекке жүгініңіз.Количество показов: 103
Дата создания: 19.06.2025 09:53:24