Абай даңғылында тұрғындар тегін көже мен бауырсақтан дәм татты
Абай даңғылында Наурыз мейрамы думанды түрде тойланды. Мерекелік алаңда екі киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы көрініс жасақталған. Мұнда келген қонақтар қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық тағамымыз наурыз көжеден дәм татты. Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мақсат - қазақы құндылықтарымызды ұмыт қалдырмай қайта жаңғырту. Наурыз - қазақтың байырдан келе жатқан төл мерекесі. Ұлтымыздың құндылықтарын қадірлейтін, дәріптейтін, қайта жаңғыртатын дәстүріміз. Ұлыстың ұлы күнін тойлау барысында тұрғындарға тегін наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, ақ дастархан жайылған. Айта кетейік, қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде. Көнекөз қарияларымыз ақ баталарын беріп, ел-жұртымыздың тыныштығын тіледі.Количество показов: 12
Дата создания: 23.03.2026 07:17:11



















