Ақжелкен көшесінің тұрғындары үйлерін кешенді жөндеуге наразы
Ақжелкен көшесіндегі №4 көп қабатты тұрғын үйді кешенді жөндеу жұмыстары басталды.Бірақ тұрғындар модернизациялауға қарсы. Себебі, кешенді жұмыс жүргізілетіні жөнінде олар мүлдем білмеген. Тұрғындардың айтуынша, жөндеудің жалпы құны 139 миллион теңгені құрайды. Әр пәтер иесі жеті жыл бойы ай сайын 12-ден 25 мың теңгеге дейін төлеуі тиіс, осылайша жөндеу шығындарын өтейді. Тұрғындардың бірі “бізге ешкім ештеңе түсіндірмеді, алдап қол қойдырды" дейді. Қазір тұрғын үйдің шатыры жөнделіп жатыр. Төбе ашық қалғандықтан жаңбыр мен суық жел тікелей ішке кіріп жатқанын айтады. Жұмысты дереу тоқтатуды талап етуде. Қол жинаған әйелдің есімі - Светлана. Ол да осы көшенің тұрғыны. Көршілері ол бастапқыда “ағаштарды кесу”, “ауланы реттеу үшін” деп түрлі сылтау айтып қол жинаған. Ал, Светлана өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, барлық қажетті ақпаратты тұрғындарға жеткізгенін айтады. Тұрғын инспекциясы жөндеу жұмысының модернизациялау бағдарламасы аясында жүріп жатқанын айтады. Олар тек өз жұмыстары мен рәсімдерін орындаған. Яғни, үй басқармасынан құжаттар түсті, қолдар жиналды, қаржы бөлінді және жөндеу басталды. Енді жаңғыртудан бас тартуға болмайды. Ал тұрғындар керісінше, келісімнің жалған жолмен алынғанын дәлелдеуге тырысып жатыр. Алда мәселе бойынша қалалық әкімдік пен құқық қорғау органдарына жүгінбек.Количество показов: 39
Дата создания: 17.10.2025 08:10:04