Ақжар-1-де үйлердің қасына тартылған газ желісі тұрғындарға қатер төндіріп тұр
Ақжар-1 тұрғын алабы Буровик, Бәйшешек көшелерінің тұрғындарына газ құбыры кедергі. Өте аласа орналасқан. Жеке тұрғын үйлерге жақын тұр. Астынан жеңіл көлік қана өте алады, дейді тұрғындар. Одан үлкен көліктер, тіпті өрт сөндіру көлігі кіре алмайды. Жедел жәрдем шақырса, бригада көлігін үйден қашық жерге қойып кетеді. "Қазақ Газ Аймақ" мекемесінің тұтынушылары құбырды алып тастауды сұраған. Бірнеше жыл өтсе де мәселенің шешімі табылмай тұр.Буровик көшесінде шамамен 20 шақты үй бар. Тұрғындар 1,5 млн. теңгеге жуық соманың 550 мыңын ғана жинапты. Қалған қаржыны жинауға жағдайлары жоқ. Ақжарлықтар көктем, күзде айналанып жинап, қоқыстарды өртеуге қорқамыз, дейді. Өрт шықса, барлық үй күлге айналатын көрінеді. Буровик көшесі тұрғындары мәселені айтып бірнеше табалдырықты тоздырған. Ондаған жыл бойы көлік түйіп немесе өрт тиіп кете ме деген үреймен өмір сүріп жатыр. Ал, адам бойымен бірдей газ құбырының қауіпі де жоғары екені рас. Жауапты мамандардың пікірін бүгін біле алмадық. Бұл мәселе алда тағы көтерілетін болады.
Количество показов: 22
Дата создания: 15.08.2025 08:10:33