А.Жұбановтың 120 жылдығына арналған музыка апталығы өтіп жатыр
Ахмет Жұбанов - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик. Ол өңіріміздегі Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және насихаттауда қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өнер иесі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі. Ол оқу бітіре сала, музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениетін рухани құндылыққа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті,- дейді Жұбановтанушы. Бүгінгі жиында ұлттық музыка ғылымы мен өнерінің өзекті мәселелері талқыланды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға алысты жақынды өзге де елдерден музыкатанушылар, ғалымдар мен профессорлар жиналды. Бұл мәдени іс-шара еліміздің рухани өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады,- дейді ұйымдастырушылар. Апталық аясында концерттер, халықаралық фестиваль, ғылыми конференциялар, көрмелер, байқаулар және шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталатынын атап өтті олар.Количество показов: 6
Дата создания: 29.04.2026 04:28:17



















