Ақылы жағажайлардың жағдайы ақысына сай ма?
Жазғы аптап ыстықта тұрғындардың дені су жағалап, демалыс орындарын таңдайды. Соңғы жылдары өңірде арнайы жабдықталған жағажайларға сұраныс артып келеді. Адамдар көп шоғырланатын жағажайларда қауіпсіздік пен тазалық талаптары қаншалықты сақталған? Аптап ыстық басталғалы су жағасындағы демалыс орындары келушілерге лық толы. Әсіресе демалыс күндері тұрғындар отбасымен келіп, табиғат аясында уақыт өткізуді жөн көреді. Арнайы жабдықталған демалыс аумақтарында келушілерге арналған бассейндер, көлеңкелі орындар, күркелер, балалар ойын алаңдары және басқа да демалуға арналған жабдықтар қарастырылған. Көпшілігі таңертеңнен кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді. Мұндай орындарда қауіпсіздік шараларына да ерекше көңіл бөлінеді. Құтқарушылар тұрақты кезекшілік атқарып, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жауаптылардың айтуынша, аумақтың тазалығы күнделікті бақылауда болып, санитарлық жұмыстар жүйелі түрде атқарылады. Кіру құны демалыс орнына қарай әртүрлі болғанымен мамандар ең алдымен қауіпсіздік пен тазалыққа мән беретінін айтады. Демалушылардың айтуынша, қаламызда таза суы бар жағажайлар жоқтың қасы. Сондықтан арнайы жабдықталған жағажайлар жаз мезгілінде халық жиі баратын демалыс орындарының біріне айналған. Құтқарушылар тұрғындарға тек рұқсат етілген орындарда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.Количество показов: 22
Дата создания: 14.07.2026 06:09:59



















