Ақтөблеік шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингке арналған жаңа цифрлық қызметін таныстырды
"ҚазАгроҚаржы" АҚ өкілдері бүгін жергілікті шаруалармен кездесті. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін өтініш берудің цифрлық форматына көшу - басты мақсат. Осыған орай, «ҚазАгроҚаржы» лизингке арналған жаңа цифрлық қызметін таныстырды. Аграршылар енді қаржыландыруға өтініштерін кеңсеге бармай-ақ үйде отырып та бере алады. Шара "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары да қатысты.Компания кезең-кезеңімен цифрлық шешімдерді енгізіп, өзара әрекет процесін жеңіл әрі қолжетімді етуге күш салып жатыр, дейді филиал басшысы. Алда егін ору науқаны басталады. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының нағыз қызған шағында бұл өте маңызды шешім. Дегенмен, цифрландыру жүйесі белгілі бір қиындықтармен қатар жүретіні де белгілі. Өңірдің шалғай аудандарында интернет, техника және цифрлық дағдылар тапшылығы бар. Тіпті, мамандар жетіспейді. Осы орайда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Палата мамандары фермерлерге онлайн өтініш беру, құжаттарды жинау және ақпараттық қолдау бойынша кеңес береді.Биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрылғанына 25 жыл. Осы уақыт аралығында жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеге жетіп, республика бойынша 90 мыңнан астам техника лизингке берілген. Өңірімізде 60 млрд теңгеге 6500-ден астам техника сатып алуға қаржы бөлінген. Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша, 5 млрд теңгеден астам қаржыға 569 техника шаруаларға берілді. Бүгін де онға жуық трактордың кілті таратылды.Количество показов: 24
Дата создания: 08.08.2025 06:03:19