"АқтөбеНефтеХим" көрмесі басталды
"АқтөбеНефтеХим" – шетелдік өндірушілер отандық мұнай-химия және газ кәсіпорындарының өкілдерімен кездесетін бірегей бизнес алаңы. "Қоныс" спорт сарайында 50-ден астам өндіріс орынының өнімдері қойылған. Мұнда қатысушылар тәжірибелерімен бөліседі, іскерлік байланыстар орнатады және соңғы технологиялар мен жабдықтарды өңірдегі және Қазақстанның көршілес аймақтарындағы кәсіпорындарға насихаттайды. Бұл шара тауар түрлерін ұлғайтады, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы импортты алмастыруға бағытталған жоғары технологиялық өнімдермен ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Көрме өнеркәсіптік жабдықтар мен технологияларды өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке ықпал етіп, заманауи өндірістерді құру жолдарын іздеуге негіз болады,- дейді ұйымдастырушылар. Қатысушылар әлеуетті тұтынушыларға екі күн бойы өз тауарлары мен қызметтерін ұсынып қана қоймай, жеке сұрақтар бойынша кездесулер өткізеді. Сонымен қатар өңірлердің сұраныстарын зерделеуге мүмкіндік алады. Көрме аясында шеберлік сыныптары, панельдік сессиялар ұйымдастырылып, облыстың жетекші кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылады.Количество показов: 20
Дата создания: 16.10.2025 07:51:28