Ақтөбенің теміржол вокзалы жаңаша кейіпке енеді
Ақтөбе теміржол вокзалы жаңа кейіпке енеді. Көне вокзал қайта жаңғырту жобасына ілігіп, қазір демонтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірінші қабаттағы толған сауда нүктелері түгел сүрілген. Бұрынғы тексеріс құралдары да алынып, вокзал іші бос тұр. Тек келім-кетім жолаушылар ғана жүр. Теміржол вокзалының кіреберісі мен перронға шығатын бөлігі қоршалған. Алда іштегі күту залының да орыны уақытша ауысады. Қазір вокзал басшылығы да уақытша кабинкаларға жайғасқан. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілмек. Мердігер мекеме - "Ақтөбе строй экспорт" серіктестігі. Жаңғыртылған вокзалда 100-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады. Перрон өзгертіліп, жоғарғы жағы жолаушылардың қолайлылығы үшін жабылады. Сауда нүктелері екінші қабатқа орналастырылмақ. Бірінші қабат кеңейтіледі. Одан өзге екінші қабатқа көтерілетін эскалатор болады. Сол жақтан пойыздың екінші жолына бірден шығатын жерүсті өткелін салу да жоспарда бар.Количество показов: 17
Дата создания: 05.08.2025 00:25:27