Ақтөбенің кейбір дәріханаларында аспирин тапшы
Ақтөбенің кейбір дәріханаларында парацетамол мен аспирин тапшы. Қызу түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерді ақтөбеліктер таба алмай жүргендерін айтады. Тапшылық сұраныстың көптігінен болуы мүмкін дейді тұрғындар. Ал, "СК Фармация" серіктестігінің өңірлік филиалы мәселе бойынша жуырда түсініктеме беретіндерін айтты.Соңғы күндері облыс орталығындағы кейбір дәріханаларда парацетамол мен аспирин секілді дәрілердің тапшылығы байқалып отыр. Тұрғындар мұны дәріге деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Айтуларынша, ауырғанда бір дәріханадан екіншісіне баруға тура келеді, ал кей жерлерде дәрілер мүлде жоқ. Ал фармацевтердің бірі «дәрілер жеткілікті, тапшылық жоқ» деп сендірсе, енді бірі "жекелеген дәрілердің қоры азайып барады" деп дабыл қағуда. Баға да әр дәріханада әртүрлі. Мысалы, аспирин шамамен 190 теңге, ал парацетамолдың құны 120 мен 241 теңге аралығында сатылып жатыр. Аспирин елімізде шығарылады, өңірге Алматыдан жетеді. Бірақ дәріхана қызметкерлері келесі партияның қашан жеткізілетінінен хабарсыз.
Количество показов: 16
Дата создания: 06.11.2025 07:24:04



















