Ақтөбеліктер теміржол өткеліндегі атқарылған жұмыстарға наразы
Бір апта бұрын Тұрғындар қалашығындағы теміржол өткелі күрделі жөндеуден өтті. Ескі рельстердің орнына жаңасы салынды. Сол аралықта өткел маңында көлік қозғалысы шектеліп, кептеліс болған еді. Кейін өткел ашылғанымен атқарылған жұмыс көлік жүргізушілерінің сынына ұшырады. Себебі өткелдегі жолдар арасына төселген қиыршық тас жаяудың да, көліктің де жүруіне кедергі. Әсіресе, қарттар мен балалар арбасы бар аналарға өткелден өту қиындық туғызады. Қала тұрғындарының жөндеу жұмыстарына көңілі толмайды. Әлеуметтік желілерде де осы жағдайға байланысты шағымдар көбейген. Ал жауапты компания болса, "біз тек айтылған жұмысты орындадық" деп отыр. Жергілікті халық билік пен жауапты мекемелерден бұл мәселені назарға алып, өткелді ыңғайлы етіп қайтадан реттеуді сұрайды. Себебі күнделікті жүріп-тұруға арналан жол тұрғындар мен жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі қолжетімді болуы тиіс. Ал шаһардағы инфрақұрылым халықтың игілігіне қызмет етуі шарт.Количество показов: 27
Дата создания: 23.09.2025 00:27:17