Ақтөбеліктер техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні атап өтті
2025 жыл - елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты бұл мереке колледж ұстаздары мен студенттерінің қоғам мен экономика дамуына қосқан елеулі үлесінің символына айналды. Бүгінде облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1348 педагог қызмет етіп жатыр. Гүлім Қайырова 2025 жылдың “Топ 100 студент” республикалық байқауының жеңімпазы. 2500 студенттің ішінен топ жарған Гүлім өзінің қазақ тіліндегі жарнама, хабарламалардағы орфографиялық түзетуден стартап жобасын жасаған. Шара аясында студенттердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық жұмыстары ұсынылатын «Жетістіктер алаңы» интерактивті көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі үздік жобалар мен инновациялар туралы бейнематериалдар қойылып, ардагер ұстаздар мен әлеуметтік серіктестердің құттықтаулары тыңдалып, білім саласының дамуына айрықша еңбек сіңірген ардагерлер мен педагогтерге мемлекеттік марапаттар табысталды.Количество показов: 14
Дата создания: 03.10.2025 03:52:59