Ақтөбеліктер тегін тесттен өтті
1- желтоқсан Дүниежүзілік АИТВ және ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай, бүгін облыстық ЖИТС-қа қарсы күрес орталығының және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, Жастар денсаулық орталықтарының ұйымдастыруымен "Керуенсити" кешенінде халықты ақпараттандыру акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына жылдам тест өту мүмкіндігі ұсынылды. Жыл сайын 1 желтоқсанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі мен 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес – ЖИТС – қа қарсы Халықаралық күрес күні атап өтіледі. Биыл ол "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге" ұранымен өтеді. Бүгін мамандар "Керуенсити" кешенінде келушілерге тегін тест жасап, аурудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Шара облыстық АИТВ қарсы күрес орталығының және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, Жастар денсаулық орталықтарының ұйымдастыруымен өтті. Бұл күннің мақсаты- ЖИТС туралы жаһандық хабарды арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты көрсету. Барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың ұйымдастырылған күш-жігері оның таралуының алдын алу бағдарламаларын қолдау үшін ұйымдастырылған. Бұл күні әлемдегі миллиондаған адам індетке қарсы жасаған іс-қимылдары мен жеткен жетістіктерін атап өту үшін және оны болдырмауға дайындығын растауы үшін бірігеді. Облыста ағымдағы жылдың 10 айында тұрғындар арасынан АИТВ-инфекциясының 48 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9-ға аз болып отыр. АИТВ - ның берілуінің негізгі жолы-жыныстық қатынаспен жұқтырылған. Жыл басынан бері анықталғандардың 38-і ер адам. Мамандар облыс емханалары жанындағы АИТВ орталығында және жастар денсаулық орталықтарында тегін және құпия тестілеуден өтуге болатынын еске салады.Количество показов: 12
Дата создания: 02.12.2025 11:26:49



















