Ақтөбеліктер Түйетөбе басына жиналды
Ақтөбеліктер сенбі күні Түйетөбе басына жиналды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, құран бағыштады. Боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.1930-1950 жылдардағы сталиндік репрессияға елімізде 2 млн.нан астам, өңірде 8 мыңға жуық адам ұшырады. 1800-ден көбі ату жазасына кесілген. Құрбандардың арасында ұжымдастыруға қарсы шыққан Адай-Табын және Ырғыз көтерілістеріне қатысқандар, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері болды. Шараға аймақ басшысы Асхат Шахаров қатысты. Түйетөбе басына құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары қатысты. Бірі - атасын, бірі - әкесін еске алып, естеліктерімен бөлісті. 1990 жылдары археологиялық зерттеулер кезінде Түйетөбе маңынан адам сүйектері табылып, олардың бас сүйектерінде оқ іздері анықталған. Бұл жердің саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген орны екені дәлелденді. Ал, 1997 жылы 31 мамырда Түйетөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды.Количество показов: 33
Дата создания: 03.06.2025 07:45:04