Ақтөбеліктер Республика күнін атап өтті
Бүгін қалалық мәдениет үйінде «Ұрпаққа ұран - Қазақстан» атты салтанатты шара өтті. 25-қазан Республика күніне арналған. Уақыт байланысын, яғни қазіргі заман мен ата-бабалардың рухани мұрасының сабақтастығын білдіретін шара сахналық көрініспен басталды. "Халықтық" "Серпер" жастар хоры мен "Халықтық" "Сұңқар" вокалдық ансамблінің орындауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалады. Мерекелік концертте ақтөбелік әртістер өнер көрсетті. «Өмірге ғашықпын», «Туған жер», «Еңбек ері», «Жаса, Қазақстан», «Азат ел» секілді көрермендердің сүйікті әндері шырқалды. Бұл шығармалар елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың музыкалық символына айналды. Сахна төрінде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз және республикалық пен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Тоғжан Үмбет орындаған «Шерменде» күйі де шырқалды. Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан түрлі сала өкілдеріне қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Концерт соңында аңызға айналған композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалды. Республика күні — ұлттық мереке. Бұл күн еліміздің егемендігі мен тәуелсіз мемлекет болуға жасаған алғашқы тарихи қадамын білдіреді. 1990 жылдың 25 қазаны — Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Ал, бұл құжат еліміздің саяси, экономикалық және құқықтық тәуелсіздігінің негізін қалады. 1995 жылға дейін Республика күні — мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. 2009 жылы оның мәртебесі алынып тасталды. Ал, 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді.Количество показов: 20
Дата создания: 25.10.2025 08:58:55



















