Ақтөбеліктер өңір экологиясын вице-министрмен бірге талқылады
Бүгін өңірімізге келген ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев тұрғындармен жүздесіп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар экологиялық ахуал, су тапшылығы, жер және орман ресурстарын пайдалану, сондай-ақ өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері мәселелерінің шешімін іздеді. Вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Солардың бірі - зауыттардан шығатын химиялық қалдықтардың тұрғындардың денсаулығына әсері мен шаһарды алып жатқан жағымсыз иіс жайында. Мұндай жүздесулер экология саласына қатысты мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік береді. Тек азаматтардың ұсыныс мен пікірлері ескеріліп, жауаптылардың құлағына жетсе болғаны. Таза экология – билік пен қоғамға ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаның тазалығы, табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланып, су көздерін сақтау мен жасыл аймақтарды көбейту – болашақ ұрпақ алдындағы парыз, дейді ақтөбеліктер. Халықтың ұсынысы мен билік өкілдерінің бастамалары тоғысқанда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.Количество показов: 38
Дата создания: 27.09.2025 08:29:45