Ақтөбеліктер мен қонақтар Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өңірге еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар жиналды. Қонақтар мен ақтөбеліктер бүгін батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Әлияның рухына тағзым етті. Қатарында батыр қыздың туыстары, ардагерлер мен билік өкілдері бар. Мерекелік форумға арнайы кеоген Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев та қатысты. Шара барысында жерлесіміз Сайлыбай Қарабалаұлы ерекше киімімен көзге түсті. Ақсақал көк туымыз бейнеленген шапан киіп келген. Көпшіліктің көзайымына айналды. Киімін арнайы Рәміздер күніне тіктіріпті. Туды шапан еткен тұрғын көк туымыз тұғырлы болсын, деп тілейді. Айта кетейік, Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені батырдың 80 жылдығына орай жасалған. Биіктігі 3,8 метрлік қоладан құйылған. Барельефтің биіктігі – 2м, ұзындығы – 13,8 м. Гранитпен қапталған тұғырдың биіктігі 2,43 метр болады.Количество показов: 17
Дата создания: 13.06.2025 09:03:25