Ақтөбеліктер бір ай тегін және құпия тестілеуден өте алады
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында өткен шараға денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат пен жастар саясаты басқармаларының өкілдері мен еріктілер қатысты. Аймақта 16-қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған айлық өтеді. Бір ай бойы жастар мен жасөспірімдер арасында тренингтер, белгілі тұлғалармен кездесулер, флешмобтар , автошеру ұйымдастырылады. Бір айлық барысында АИТВ орталығында және облыстың барлық емханаларында ақтөбеліктер тегін және құпия тестілеуден өте алады. Дәрігер мамандар тегін кеңесін береді. ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында өтетін шараларға тәртіп сақшылары тарапынан да қолдау болады. Жыл басынан бері облыс аумағында 48 адам АИТВ жұқпасына шалдыққан. Олардың 90 пайызы жұқпаны жыныстық қатынас арқылы жұқтырған дейді мамандар. Дәрігерлер тұрғындарға облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында және емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарында тегін және құпия тексерулерден өтуге болатынын ескертеді.Количество показов: 8
Дата создания: 07.11.2025 08:03:03



















